30 жыл ішінде Тәуелсіз Мемлекет жасалды

Spread the love

Қазақ елі тəуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, Тəуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған – Елбасымыздың аз жылдың аясында туған елін əлемдік қоғамдастыққа танытқандығына өзгелермен бірге өзіміз де қайран қалып, тамсанамыз. Мемлекеттің пайда болуы, оның қалыптасуы, нығаюы бар жерде Мемлекет басшысының да орны айқын көрінеді. Өйткені, мемлекеттің пайда болуы немесе тəуелсіз ел атануы, əлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалып, өркениет қатарына қосылуы көп жағдайда осы кездегі сол елді басқаруға тəуекел еткен, бар жауапкершілікті мойнына алған ел басшысының көреген саясаткерлігі мен білікті ұйымдастырушылығына, қарымқабілеті мен қайсарлығына тікелей байланысты екендігі айдай ақиқат. Елбасы 30 жылдың ішінде шынайы мемлекетшіл, халық мүддесіне берілгендігін үнемі көрсетіп келеді. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі жəне сыртқы саясатының нəтижесінде Қазақстан дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықты еңсеріп, өркендеу жолына шықты. Елбасының басшылығымен кеңестік республикадан Тəуелсіз Мемлекет жасалды. Жаңа ғасырдағы бəсекеге қабілетті экономикаға негіз болатын толассыз табыстарға жетті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *