Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа үлгідегі қоғамдық көліктермен танысты. Ол үшін өңір басшысы жаңадан әкелінген автобусқа мініп, онда орнатылған заманауи жүйенің жұмысын тексеріп көрді. Шаһарға жеткізілген қоғамдық көліктерде жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған. Түркістан көшелеріне жаңа автобустар шықты. SAZ LЕ-60 маркалы 20 жаңа көлікті «ТехПрофАвто» ЖШС «Самарқанд» автомобиль зауытынан арнайы тапсырыспен алдырылған. Жақын күндері тағы 30-ы келеді деп күтілуде. Жайлы да жаңа автобустар қала тұрғындарының күнделікті өмір сапасын арттыра түсіретіні аян. Қоғамдық көліктер 25 жолаушыға лайықталған.  Желдеткіш пен қолдарбаға арналған пандусы, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылғысымен жасақталған. Түркістан қаласында 300-дей қоғамдық көлік 21 тұрақты бағытқа жолаушылар тасымалдайды.  Сондай-ақ Түркістанда бір үлгіде безендірілген жаңа таксилер жолға шықты. Заңды автотасымадаушылардың санын арттыру арқылы халықтың жүріп – тұруы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін елімізде жасалған жаңа да жайлы 20 көлік Уassytaxi брендімен сапалы қызмет көрсетуге дайын.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.