Шымкенттіктер халықаралық Отбасы күніне ерекше ықыласпен атсалысты. Аталған мерекеге орай, Қажымұқан атындағы орталық стадионда желаяқ жұптар жарысқа түсті. «Махаббат марафоны» атты эстафеталық жарысқа қаламыздан 30-ға жуық отбасы қатысып, бақ сынады.

96

 

–Жарыс отбасы институтын нығайту, отбасы құндылығын насихаттау, ерлі-зайыптыларды бірге белсенді спортпен шұғылдануға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, бүгінде әлемде ажырасу фактілері өте көп

ауа райы тура марафон жүгіретін ғашықтар күткендей жайлы, аздап салқын болды. Жел жұптарға кедергі болмаса керек, махаббат марафонына таңертеңнен жиналғандардың қарасы көп болды. Кейбірі балаларын ерте келген.

Қатысушылар жарысқа тіркеліп, нөмір алып жатты. Сонда егде жастағы жұпты көзіміз шалды. Марафон басталғанша танысып, әңгімелесіп үлгердік.

. Осындай спорттық жарыстар арқылы отбасында қарым-қатынасты нығайтуда аз да болса септігіміз тиіп жатса біз қуаныштымыз. Бүгінгі жарыста спорт мектептерінен қатысушылар көп болды. Алдағы уақытта басқа да саланың өкілдері спортқа жақын болып, белсенділік танытады деп сенеміз, — дейді Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары
Ермек Дәрменов.
Махаббат марафонында ерлі-зайыптылар 2 жас ерекшелігі бойынша, 35 жасқа дейін және 35 жастан жоғары деген санатта қатысып, 2 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
– «Дені сау отбасы – дені сау ұлт». Біздің отбасының ұраны осындай. Отбасын құрғанымызға төрт жыл болды. Келіншегім екеуміз бірнеше марафонға қатысып үлгердік. Эстафеталық марафонға бірінші қатысуымыз. Бағымыз жанып, мәреге бірінші жеттік, — дейді Азизхан Камелжанов.
Расында, дені саудың – жаны сау. Махаббатта да, спортта да жолы болған жұптар ойын көркін қыздырып, мәреге қол ұстасып жетті. Жеңімпаздар арнайы медаль және грамоталармен марапатталды.

Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.