Шымкент қаласында науқастардың құқықтарын қорғау мақсатымен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына квота беру жұмыстары басталды.
Квота осал топтағы азаматтарға емделу үшін медицина ұйымының басшылығы шешімімен беріледі. Мұндай ем түрін он сегіз жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектер, көп балалы аналар, зейнеткерлер және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар алуға құқылы.
Емдеу шараларын тиісті деңгейде жүргізу үшін денсаулық сақтау басқармасы мен «Сынақ» мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және әлеуметтік құқықтарын іске асыру, қорғау» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік стационарлық көмек көрсететін ұйымдарға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ұйым басшыларына әлеуметтік қорғалмаған осал топ өкілдеріне бөлінген жоспарлы емді жандандыру бойынша ұсыныстарын берді.Мемлекет басшысының «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде энергия көздерін дамыту, инвестицияларды жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекет тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар топтамасы дайындалды.
Осы пайымды іс жүзінде іске асырудың бірінші кезеңі ретінде Министрлік заңнамалық түзетулер топтамасын дайындаған. Энергетика министрлігі тарапынан жобаларды іріктеу кезінде нысаналы көрсеткіштер мен іс-шараларды, оның ішінде негізгі жабдықтың тозуын, отынның үлестік шығынын азайту, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі іс-шараларды белгілеу жоспарлануда.
Бұдан бөлек науқастардың құқығын қорғау мақсатында жекеменшік медицина орталықтарына да әкімшілік квота бөлу мәселесі бойынша тұрақты мониторинг жүргізілмек.
Басқарма басшысы әлеуметтік қорғалмаған осал топ өкілдеріне бөлінген квота тікелей өз бақылауында болатынын айтты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.