Жылдың төрт мезгілінде де тыным таппайтын Төтенше жағдай қызметі мамандарының жұмысы тым қауырт. Олардың бір-ақ күндегі қимыл әрекетіне, тындырған істеріне қарап-ақ жылдың 365 күніндегі жұмысына баға беруге болады. Мәселен кеше үшінші тамыз күні еліміз бойынша 6 табиғи төтенше жағдай тіркелсе, 32 техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркеліпті. Құтқарушылар төтенше жағдай орын алған жерлерге 243 рет шығып, 32рет өрт сөндірген, бір күнде 124 жану оқиғасы тіркеліп, 52авариялық-құтқару жұмыстарына, 12іздестіру- құтқару жұмыстарына, 23әртүрлі сипаттағы оқиғаларды шешуге қатысқан. Жалпы саны 12 адамды, оның ішінде 5 баланықұтқарыпты. Төтенше жағдай аймағынан 12 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланыпты.
Мұның барлығы бір-ақ тәуліктің ішіндегі төтеншеліктердің қарбалас тірлігі. Халықтың төтенше жағдай кезіндегі амандығы үшін тыным таппайтын мамандық иелері, түрлі жағдайлармен бетпе бет келеді. Жеделдік пен тапқырлықты, батылдық пен күштілікті бойларына қатар сіңірген төтеншеліктердің әрқашан кез келген жағдайдағы дайындығы да өте маңызды. Сондықтан физикалық дайындықтарын пысықтау үшін үнемі арнайы жаттығу жұмыстарын да жүргізеді. Атап өтер жайт еліміздің Төтенше жағдай қызметі жыл өткен сайын төтенше жағдайдың алдын алуға машықтанып, төтенше жағдайдан келетін қауіпті барынша азайтуға тырысуда.
Осы орайда 2022 жылдың алғашқы алты айына сараптама жасай отырып, еліміздің төтеншелік мамандарының төтенше жағдайдың алдын алуда алдыңғы жылдармен салыстырғанда жетістікке жетіп келе жатқанын аңғардық. Жалпы биылғы жылдың алты айында «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультына халықтан 3 410 717 рет қоңырау келіп түскен екен. Яғни халық осынша рет төтеншелік мамандардың көмегіне мұқтаж болған. Нәтижесінде төтеншелік мамандар дер кезінде әрекет етіп, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері және Республикалық жедел-құтқару жасағы 5 652 адамды құтқарып, 5 148 адамды төтенше жағдай орнынан эвакуациялаған. Сондай-ақ 194 зардап шеккен жанға уақытылы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, төтенше жағдай орын алған жерлерден 557 адамның денесін шығарған.
Және 34 032 рет дабыл бойынша көмекке ұмтылып, соның ішінде 5 025 — өртке, 7 730 — авариялық-құтқару жұмыстарына, 17 784 — өрт ретінде есепке алынбайтын жану оқиғаларына аттанған. Кейде халықтың үрейленіп төтенше жағдай қызметіне негізсіз қоңырау шалатын кездері де болады. Соның айғағы жыл басынан бері төтеншелік мамандар 63 — көрінеу жалған шақыртуларға сабылып, 1 248 — расталмаған жану фактілеріне көмекке ұмтылған. Мұндай кездер төтеншеліктер үшін құр шығын болғанымен түскен дабылға орай әрекет ету олардың міндеті.
Еліміздің Төтенше жағдай қызметіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына, өрттерді сөндіруге қатысуға, жеке құрамды жеткізуге және басқа да тапсырыстар бойынша1 374 рет ұшқан. Оның ішінде санитариялық авиация желісі бойынша 243 рет ұшып,223 науқасты тасымалдап дер кезінде медициналық көмекке жеткізген. Төтенше жағдай қызметі өрт оқиғаларын сөндіруге ғана емес, олардың алдын алуға барын салады. Осы орайда мемлекет басшысының бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмасына сәйкес, бизнес нысандарының өрт қауіпсіздігін бақылау тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі нысандарға қатысты іске асыруда. Яғни кез келген нысанды тексерместен, тек адам өміріне аса қауіпті саналатын нысандарға тексеріп жүргізіліп, қауіпсіздік шарасы пысықталған. Сондықтан жыл басынан бері бақылау-профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйіне қатысты 17 210 тексеріс жүргізіліп, 82 030 ереже бұзушылық анықталған. Нәтижесінде 14 018 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 936 лауазымды тұлғаға 171,5 млн.теңге сомасында айыппұл салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде 2022 жылдың алғашқы алты айында ерекше тәртіп бойынша 619 жоспардан тыс тексеру жүргізіліпті. Тексеру қорытындысы бойынша17 770 ереже бұзушылық анықталып, 571 нысан жұмысын тоқтатыпты. Алдағы уақытта мұндай ереже бұзушылықтар қайталанбасы үшін айыппұл салынып, жалпы көлемі 120 млн. теңгеден астам сомасында 777 әкімшілік іс қозғалған.
Төтенше жағдйдың алдын алуда халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, тұрғындармен біріге отырып қауіптің алдын алудың да маңызы зор. Осы орайда халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 43 124 рет хабар таратылыпты. Оның ішінде 4 825 — телевизия арналарында, 8 525 — баспа басылымдарында, 19 098 — радиода, 10 676 — ақпараттық агенттіктер таспаларында қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайдың алдын алу бағытында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Яғни халықпен де бұл бағытта жұмыстар жасалуда. Осынау жұмыстар нәтижесіз де емес.
Жалпы өткен жылдармен салыстырсақ төтенше жағдайдың айтарлықтай азайып келе жатқаны байқалады. Мәселен өткен жылдың алғашқы алты айында — 6 203 төтенше жағдай тіркелсе, биыл дәл осы мерзімде 5 740 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай оқиғалары тіркелген. Бұл жерде төтенше жағдайдың алдын алуға тырысқан еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің, осыған қарасты мамандардың тынымсыз тірлігінің арқасы екені сөзсіз. Ал төтенше жағдай салдарынан 2021 жылы 930 адам зардап шексе, биыл алты ай ішінде 975 адам зардап шегіп отыр. Алайда қаза болған адамдар саны жағынан кему көрсеткіші байқалады. Былтыр төтенше жағдай салдарынан 392 адам қайтыс болса, биыл бұл көрсеткіш 341 адамды құрап отыр. Ең бастысы адам шығынының орын алмауы екенін ескерсек, қаза болғандар санының азаюы қуантады.
Негізі техногендік сипаттағы төтенше жағдай жалпы ТЖ санының 89,1% құрайды. Жалпы елімізде алты айдың ішінде 6 203 төтінше жағдай тіркелсе, соның 5 116 сы техногенді сипатта екен. Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі өндірістік және тұрмыстық өрттерді құрайды, 2022 жылдың алты айында 4 673 өрт болып, одан 320 адам зардап шеккен. Өрт туындайтын негізгі объектілерге талдау жасасақ, 62,1%-ы тұрғын үй секторы, 18,1%-ы көлік құралдары, 5,9%-ы ормандар, 3,2%-ы сауда кәсіпорындары, 3,2%-ы басқа ашық аумақтар, 1,8%-ы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, 1,4%-ы әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 1,1%-ы салынып жатқан объектілер және құрылыс алаңдары, 0,7%-ы қойма ғимараттары, 0,6%-ы монша-кір жуу кешендерінде тіркелген екен. Сондықтан өрттің алдын алу үшін кешенді түрде жұмыстар жалғасуда. Халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелері қайта пысықталып, халықтың өрттен сақ болуы үшін түсіндіру, тексеру жұмыстары жүргізілде.
Өрттің пайда болуының таралған себептері: 39%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 24,1%-ы отты абайсыз қолдану, 15,7%-ы пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 6,3%-ы анықталған әдейі өртеу, 4,4%-ы тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 2,4%-ы найзағайдың тікелей соғуы және олардан туындаған ықпал, 2,1%-ы балалардың отпен ойнауы, 1,2%-ы электрмен дәнекерлеу және басқа да отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан орын алған. Осыдан-ақ өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаудың маңызы зор екенін түсінеміз. Тілсіз жау саналатын өрт пен суды пайдалануда абай болмасақ өкініші зор болмақ!