Берілген несиелер толықтай қайтарылуы қажет», Бас банкирдің сөзінше, бағдарламаға ресми кірісі бар ел азаматтарының бәрі қатыса алады. Бастысы, төлем жасауға қабілетті болуы қажет. Бүгінде банктермен бірлесе, бағдарламаның шарттары пысықталуда. «Мәселен, тұрғын үйдің бағасы 7 млн теңге болса, онда ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды. Бұл қазақстандықтар үшін қолайлы. Тұрғын үй құны әртүрлі болғандықтан, ірі қалалар мен өңірлер бойынша баспана құны сараланатын болады», – деді ҰБ басшысы. Атап өтерлігі, бағдарламаның қазіргі өлшемдері әзірше жоба күйінде қалып отыр. Сондықтан мұның бәрін мемлекеттік органдар және банктер қайта пысықтайтын болады. Президенттің бес бастамасының бірі – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту бағыты 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ал тиісті іс-шаралар тамыз айында аяқталуы қажет. Жақын арада Ұлттық банк басқармасы 100 пайыздық мемлекеттік меншіктегі арнайы еншілес компанияны – Бағдарлама операторын құру мәселесін қарайды. Үкіметтің отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатына қатысқан Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына қатысты ұйымдастырушылық жұмыстар аяқталмақ. Ал екінші жартыжылдықтан бастап банктер ипотека бере бастайды. Сондай-ақ, отырыста Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев президент бастамасында қарастырылған 20 мың гранттың 11 мыңы техникалық мамандыққа, 5 мыңы басқа мамандықтарға, 3 мыңы магистратураға және 1 мыңы PhD бағыттарына бөлінетінін айтты. «Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты жақындап қалды. Қай мамандыққа қанша грант бөлінетіндігін, қай мамандыққа бәсекелестік жоғары екендігін білу маңызды. Сондықтан гранттардың саны мамандық бойынша барлық министрлікпен алдын ала келісіп, жоба ретінде бір айдың ішінде жариялануы қажет. Әр министрлік 20 мың грант туралы нақты ұсынысты бір жетінің ішінде тапсыруы қажет». Сондай-ақ, министр студенттерге арналған жатақханалардың құрылысы туралы: «Жатақханалар оқу орның аумағына салынуы керек. Егер ол аумақтан қажетті жер табылмаса, әкімдіктен жер алуы қажет. Тіпті, болмаса жер сатып алынады. Бұдан кейін жатақхананың жобалық-сметалық құжаты дайындалуы керек», – деді өз пікірін тәптіштеп. Бұдан өзге биылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, сондай-ақ, «Наурыз» мейрамының мерекелік күндерінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының қымбаттауына жол бермеу шаралары пысықталды.Барлық құқықтар сақталған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *