Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Серікбайұлы мен «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлік палатасының директоры Қаржауов Олжас Есалханұлы меморондумға қол қойды. Бұл меморондумның мақсаты Түркістан облысының экономикасын көтеру және де Оқу ордамыздың студенттерін кәсіпкерлікке баулу негізгі мәселе болды. Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде форумдар мен конференциялар өткізілетін болады. Алдағы уақытта студенттеріміз «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен байланысып еркін түрде білімдерін жетілдірмек. Ендігі кезекте білімгерлер осы келіссөздің аясында оқыған мамандықтары бойынша қосымша кәсіпкерлікке де биімделіп шықпақ.

– Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында жастарды басты назарда ұстап келеді. Президент жас буынға техникалық мамандықтардың ғылым мен инновацияның заманы туғанын және Кәсіптік техникалық білім инвестициялық саясаттың ең маңыздысы болып табылуы қажеттігін алға тартып, Үкіметке аталған мамандықтарға ақысыз оқу жобасын ашуды тапсырды. Еліміздің өндіріс саласында маман тапшылығы сезілгендіктен, бүгінде 5,5 мың кәсіпорын қажетті қызметкер таппай, 70 мың жұмыс орны бос тұрғанын басып айтқаны есімізде, – деді оқу орын басшысы. Қазір елімізде дуалды оқытудың жол картасы жүзеге асып жатыр. Жоба аясында кәсіпорындар мен колледждер арасында келісім жасалып, 16 мың азамат кәсібін игеруде. Бұл мамандар болашақта жұмыссыз қалмайды. Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отыр. Ол үшін Ұлттық Кәсіпкерлік палатасы құрылды. ҰКП-ның негізгі қызметтері – кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік ету, кәсіпкерлер белсенділігінің, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет жағдайының қоғамдық мониторингін жүргізу, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаларына қатысу; отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұндағы үлесті арттыру, техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды дайындау, қайта дайындау, біліктілікті арттыру, сертификаттау және аттестаттау; кәсіпкерлік субьектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру, инвестицияларды тарту және әртараптандыру бағытында жұмыс істеп келеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *