Түркістан: «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржысыз қолдау шаралары да табысты іске асырылуда.

Spread the love

Мысалы, қолға алынған «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы шетелдік оқыту орталықтарын қатыстыру арқылы білім беруді көздейді. Оқыту тегін. Жоба басталған уақыттан бері облыстағы 64 кәсіпкер осы жерде оқыды. Шалғай аудандардағы кәсіпкерлерге ақпараттық және кеңес беру бағытында  Кәсіпкерлерді мобильді қолдау орталығы жұмыс істеп, арнайы жабдықталған автобус жүруде. Қор  халықтың кәсіпкерлік салаға ынтасын оятуға, қабілетін қалыптастыруға қажетті Стартап-жобаларды қолдауға бағытталған «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» жобасын қолға алды. Жоба аясында 86 кәсіпкер оқудан өтсе, 2020 жылдың алғашқы төрт айында 43 кәсіпкер оқыды, олардың 17-сі Старт-ап жобасы арқылы оқыды. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 4 мыңнан аса көмек-кеңес берілді. 2020 жылдың алғашқы төрт  айында ақыл-кеңес түріндегі қызмет саны 2734-ке жетті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *