Ш. Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы машиналық каналдың бүгінгі жай-күйімен танысқан болатынбыз. Аудан басшысы Жамантай Бейсенбаев министрге биыл жетісайлық шаруалар аталған каналдың игілігін көргенін және «Достық» каналынан келетін ағын судың тапшы бөлігін осы канал арқылы толтырылып отырғандығын жеткізді. Алайда 2011 жылы пайдалануға берілген каналдың №1,№2 су тартқыш насостық станциясы аралығындағы 9 шақырымдық габионды бөлігінің бүгінгі жай-күйі сын көтермейді. ҚР Премьер-министрінің орынбасары-ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев сапары барысында мақта бағасын көтеру туралы да өз ойын ашық жеткізді. Оның айтуынша, алдағы уақытта тиісті сала мамандары тарапынан мақта бағасы бойынша арнайы сараптама және зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, министр мақта зиянкестерімен күрес жұмыстарына нақтырақ айтсақ, биологиялық әдіске бөлінетін субсидия көлемін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *