Қазіргі ахуал бойынша 18,6 миллиард теңгеге қарыз алу үшін 1586 өтініш келіп түскен
Тұрғын үй бағдарламасы бойынша мақұлданған өтініштер саны мыңнан асып кетті. » қазіргі ахуал бойынша 18,6 миллиард теңгеге қарыз алу үшін 1586 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде 11,9 миллиард теңге қарыз беруге 1026 өтініш мақұлданды», — деп хабарлады Ұлттық банк.
«7-20-25» бағдарламасы: пәтер алғандардың жалақысы қанша?
Айта кетсек, шілдеде іске қосылған бағдарламаның операторы — «Баспана» ипотекалық ұйымы.
«7-20-25» бойынша қазақстандықтар қандай пәтер алып жатыр?
«Баспана» хабарлағандай, ең сұранысқа ие пәтер түрі – ауданы 62 шаршы метр қос бөлмелі пәтерлер. Атап өтсек, бағдарламаның шарты атауында көрсетілген: 7% — пайыздық үстеме, 20% — бастапқы жарна, 25 – несиені өтеу мерзімі. Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді бірқатар коммерциялық банк қабылдайды: ЦентрКредит, АТФ, Цеснабанк, Bank RBK және Еуразиялық банк. Баспана салушы немесе тұрғын үй кооперативі несие бере алмайды, ал салушының пәтер құнын бөліп төлеуді ұсынуы «7-20-25» бағдарламасына жатпайды.
Медиаон ақпарат