Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрбол Жүнісбековтің қатысуымен брифинг өтті. Онда басқарманың 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы айтылды.

611

 

— Басқарма тарапынан 17 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 13 967 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну қызметі — 1 295 рет, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру қызметі – 5 319 рет, ал, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру қызметі — 1 347 рет, сондай-ақ, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі — 1 577 рет көрсетілген, — деді Нұрбол Абдырахманұлы.
Оның айтуынша, бүгінде Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары әзірленіп жатыр. Бұл жобаның аяқталу мерзімі осы жылдың мамыр айына жоспарланған.2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Шымкент қаласына келушілерді орналастыратын (қонақ үйлер, хостелдер) орындарның саны 147 бірлікті құрады. Онда жалпы 2869 бөлме, 5552 төсек-орын қарастырылған.
2022 жылдың тоғыз айында қалада 311,9 мың адамға қызмет көрсетілген. Оның 25,1 мыңы резидент емес, яғни шетелден келушілер. Сапармен келгендердің 23 мыңы жеке мақсатта, 2,2 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен келгендер. Қалаға келушілерге 5331,6 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетілді.
Қала қонақтарына орналастыру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі (мейрамханалардың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда) 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,5% артқан.
Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қаланың геоақпараттық жүйесі жасақталуда. Геопортал бүгінде сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Жоспар бойынша ол мамыр айында толықтай іске қосылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.