Шымкентте 1744 азаматтың еңбек құқығы қорғалды. Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мәлімдеп отыр.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соғады. Яғни, мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша жүйелі және белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.

Азаматтардың еңбек құқығының сақталуы — еңбек өнімділігіне тікелей әсер етуші фактор. Оның тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да тікелей әсері болғандықтан жергілікті атқарушы органдар еңбек қатынастарының тұрақтылығын үнемі бақылап отырады.

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты 1160 арыз-шағым мен өтініш қаралып, 296 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында 316 заң бұзушылық анықталып, 21,9 млн. теңге айыппұл салынған. Нәтижесінде 1744 азаматтың еңбек құқығы қорғалып, заң талаптарының орындалуы қадағалауға алынған.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің еңбек ақысын толық әрі мерзімінде төленуі бойынша да біршама жұмыс жүргізді. Мамандар жыл басынан бері азаматтардың 222,3 млн.теңге көлеміндегі еңбек ақысы өндірілгенін мәлімдеп отыр. Бақылау-қадағалау және медиация жұмыстарының нәтижесінде 57 кәсіпорынның 1 355 қызметкеріне еңбек ақысы төленген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.