Түркістан облысы Шардара ауданы бойынша биылғы жылы 59335 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Соның ішінде 10 836,4 гектар алқапқа бау-бақша дақылдары орналастырылды. Әсіресе, күннің көзі жылынысымен егістік алқапқа  шығып кеткен диқандар қауымы қауын-қарбыз секілді ерте пісетін өнімдерін пұлдап үлгерді. Диқандардың болуынша, биылғы өнімнен мол табысқа кенелу мүмкіндігі туып отыр. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңға дейін шардаралық шаруалардың 3338 гектар егіс алқабынан 83450 тонна қауын-қарбыз сатылымға шығарылған екен. Мұның ішінде 50 000 тоннасы Ресей мемлекетіне жіберілсе, қалғаны өзіміздің солтүстік облыстарға жөнелтілді. Мамандардың есебі бойынша, гектарынан орташа 250 центнерден өнім алған аудан диқандарының көңілдері тоқ деп айтуға болады. Диқандардың айтуынша, бау-бақша өнімдері биылғы жауынды кқктем маусысының арқасында мол өнім беріп отыр екен. Бау-бақша өнімдерінің басым бөлігі енді пісіп жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш күн сайын арта түсетіні белгілі.Күннің көзі жылынысымен егістік алқапқа  шығып кеткен диқандар қауымы қауын-қарбыз секілді ерте пісетін өнімдерін пұлдап үлгерді. Аудандық ауылшаруашылығына үлес қосып отырған шаруалар бүгіндле Түркістан облысының Шардара ауданының өнімдерін сұранысқа ие қылып отыр. Диқандардың айтуынша, өзге облыстарға жөнелтілген өнімдер әрқашан сұранысқа ие болып отыр екен.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *