Жуырда Астана қаласында көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық «Алтын қазына» көрме-байқауы өткізілді.

675

 

Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойында рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды қалыптастыру. Бәйгенің қалалық кезеңі мамыр айында «Экология, өлкетану және туризм орталығының» ұйымдастыруымен «Бейнелеу өнері» мұражайында өтті.Респубикалық байқауда Д.Қуанышбеков пен А.Раушанова І дәрежелі дипломға ие болып, жеңімпаздар, топ жетекшілері алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификат табысталды.
Қалалық кезеңде оқушылардың еңбегі 7 номинация бойынша марапатталды. Атап айтқанда Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Б.Сейіткерім «Тоқыма бұйымдарын дайындау» номинациясына ие болды. №89 ІТ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Д. Қуанышбеков «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу» номинациясын жеңіп алды. №65 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы А.Ахметжан «Шыныны көркемдеу өңдеу» номинациясына лайық деп танылды. №109 жалпы орта мектептің 9 сынып оқушысы Б.Толаметов «Металды көркемдеп өңдеу», №89 ІТ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы А.Раушанова «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау», Балалар көркемсурет мектебі «ЮНЕСКО» клубының білім алушысы А.Абжоббар «Қағаздан бұйымдар жасау», №36 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы С.Давлятбекова «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясында жеңіске жетті.
Респубикалық байқауда Д.Қуанышбеков пен А.Раушанова І дәрежелі дипломға ие болып, жеңімпаздар, топ жетекшілері алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификат табысталды.

А.МҰХТАРОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.