Бүгін Шымкентте Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты іс шара өтті. Мерекелік жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлердің ұрпақтары қатысып, «Даңқ» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шарада әскери үрмелі аспаптар оркестрі тақырыптық марштар орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Қонақтар «Майдан даласы» алаңына бет алып, Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністерді тамашалады. Қанды соғыс жылдарын бейнелеген қойылымдар көпшілікке ұмытылмас әсер сыйлады. Қонақтарға майдандағыдай «дала ботқасы» ұсынылды. Өнерпаздар зұлмат кезеңді тақырыпқа арқау еткен “Катюша”, “Ана туралы баллада”, “Жеңіс күні”, “Кестелі орамал” әндерін әуелете шырқады.
Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына Шымкенттен 23 мыңнан астам азамат аттанды. Қазіргі таңда қалада 3 ардагер 2 мыңнан аса тыл ардагері тұрады.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері жау соққысына ерлікпен тойтарыс берген КСРО-ның шекаралық шебіндегі қаїармандық соғыс қимылы. 1941 жылы 22 маусым күні қамалда 7-атқыштар батальоны, атқыштар корпусының штабтық және шаруашылық бөлімшелері, застава, шекаралық отряд, НКВД әскері және медсанбат болған. Қорғандағы адамдар саны 7 — 8 мыңнан аспаған, бірақ жау қамалды атқылай бастағанда, олардың тең жартысына жуығы алдын ала белгіленген жерге кетіп, бекіністерде шамамен 3,5 мыңдай адам ғана қалған. Қамалға қарсы гитлершілер Варшава мен Парижді алуда ерекше көзге түскен 45-жаяу әскер дивизиясын жапты. Оларға ауыр артиллерия батареялары мен 1250 кг-дық фугастық және 2200 кг-дық бетон жарғыш снарядтар ататын “Тор” жүйесіндегі аса қуатты артиллерия қондырғылары қолдау көрсетті. Қамалға жау ұшақтары 1800 кг-дық жарықшақтық, жандырғыш және фугастық бомбалар тастады. Көп ұзамай қамал түгелдей қоршауда қалды. Алғашқы абыржушылықты пайдаланып, жаудың шабуылдаушы батальондары десанттық қайықтар мен көпір арқылы цитадельге өтті де, Тересполь қақпасын және шіркеу үйін басып алды. Қамал гарнизоны үлкен шығынға ұшырады. Қамалды қорғаушылар әрбір үй, әрбір қабат, әрбір бөлме үшін жан алып, жан берісті. Тек 24 маусымға қараған түні ғана жау Волын бекінісінің негізгі объектілерін басып алды. Тересполь объектілерін алу үшін олар тағы бір апта арпалысты. Фашистер бұл майданда отатқыштарды, уландырғыш заттарды қолданып, бекініс-жертөлелерді су астына батырды. Шілденің 20-сы күні ғана майдан шебі шығысқа, Смоленскіге қарай ауысты да, айқас толас тапты. Жау 44-атқыштар полкінің майоры П.М. Гавриловты тек 23 шілдеде жаралы күйінде ғана қолға түсірді, ал сол қанды шайқаста ерлік көрсетіп, аман қалған жауынгерлерін алып шыққан лейтенант Н. Плужников 1942 жылы 12 сәуіріне дейін басқа майдандарда соғысты. Брест қамалын қаїармандықпен қорғаған 33 ұлттың өкілдері арасында қазақстандық жауынгерлер В. ЛобановР. ХабибуллинАйтбаевИ.С. АрыскинИ. ВолнистовД. ЖақыповЖампейісовК. ИманқұловП.А. КарболинМ. НиязовК.БайжігітовФ.Д. ВиволанецС.Н. ЛебедовИ.Е. ЧеремновМ.И. КарслиевА.СабырбаевГ.Д. Деревянко, т.б. болды. Цитадельде, Тересполь қақпалары мен орталықтағы қиян-кескі шайқаста 333-атқыштар полкінің құрамында БейсембековВ.Н. ГоряновС. УшуровВ.Д. ЖищенкоМ.И. Кобзарев, т.б. қаїармандықпен соғысты. Брестің оңт.-шығыс бөлігін алғаш қорғаушылар арасында болған Ғ. Жұматов есімі де құрметпен аталады. 1956 жылы цитадельдегі казарманың сау қалған бөлігіне Брест қамалы қорғанысының музейі орналасқан болатын. 1971 жылы оның негізінде мемориалдық ансамбль ашылды. Бауырластар зираты оның құрамдас бір бөлігіне айналды. Зиратта қамал қорғау жолында ерлікпен шейіт болған 850 кісі жерленген. Олардың 213-інің есімі анықталған. 1965 жылы 8 маусымда Брест қамалына “Батыр-қамал” атағы берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.