Шымкент қаласында «Аялық алақан» оңалту орталығы 100-ден аса ерекше күтімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуде. Туа сала тағдыр тауқыметін тартқан мұндай жеткіншектер арнайы мамандардың көмегіне аса зәру.

Орталықта мемлекет қамқорлығына мұқтаж 3-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге — тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсетіледі.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соғады. Яғни, мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша жүйелі және белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.

Балаларды өмірге бейімдеуге бағыттылған ем-дом шараларының, педагог-психолог, дефектолог, логопед мамандарының қарқынды жұмысының нәтижесінде балалардың дамуында оң өзгерістер байқалуда. Мәселен, 11 қызмет алушының — тірек қимылында өзгеріс орын алып, ауыз қуысына жасалған массаждың әсерінен, жұтқыншақтың жұтыну жұмысы 1 балада жақсарған. Сөздік қоры көбейген қызмет алушылар саны 6-ау болса, ұсақ қол маторикасы реттеліп, дауысты дыбыстарды айта бастағандар саны – 4-ке жеткен. Яғни, тұрақты түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың музыка ырғағын сезуі, әуенге қосылып ән салуы, ыңылдауы, жаңа дыбыстарды шығаруында оң көрсеткіштер бар.

Сондай-ақ, қызмет алушылардың ата-аналарымен кері байланысты орнату мақсатында жоспарлы түрде тренингтер ұйымдастырылып, балалардың сауығуы үшін шыдамдылықпен қолдау көрсетудің маңыздылығы түсіндірілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.