«CREATIVE INDUSTRY OF SHYMKENT»: халықаралық креативті форумы өтіп жатыр

0

Шымкентте екі күнге жалғасатын Халықаралық деңгейдегі «Creative industry of Shymkent» креативті форум-көрмесі өтуде. Форум – креативті индустрия субъектілеріне пікір алмасу, ортақ алаң құру, креативті индустрия саласының жаңалықтарымен бөлісу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов арнайы қатысып, көрмемен танысты.

–Қазіргі таңда креативті индустрия көптеген елдердің экономикасын дамытуда маңызды инновациялық бағыттарға айналуда. Олар жылдам қарқынмен дамып, өз экономикасының өсімінің жаңа көздерін  қалыптастырып қана қоймай, ірі мегаполистердің эксклюзивті экожүйелерін құруға серпін береді. Ал, елімізде креативті индустрияның соңғы бес жыл ішінде экономикаға қосқан үлесі 2,8 пайыз деңгейіндегі тұрақты динамикасын көрсетуде. Шымкент қаласында бүгінде креативті индустрияда шағын және орта бизнес субъектілері 2553 бірлікке жетті. Бұл қаланың шағын және орта бизгнес субъектілерінің жалпы санының 1,99 пайызын құрайды. 2024 жылы қаламызда креативті хаб ашу жоспарлануда. Креативті хабта шығармашылық саласындағы мамандардың шеберлік сағаттары, арнайы шоу-румдары өткізілетін болады. Алдағы уақытта Шымкент қаласы еліміздің креативті орталықтарының біріне айналу үшін жұмысты одан әрі жандандыратын боламыз, – деді Қ. Асылов.

Аталған форумға халықаралық деңгейдегі маңызды спикерлер де шақырылған. Олар кәсіпкерлермен өзара пікір алмасып, 20-дан аса жас кәсіпкер ірі инвесторлар алдында өздерінің креативті жобаларын қорғамақ. Креативті индустриялар саласына жана идеяларды енгізу, жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар мен демеушілерді тартқан. Форумда 30 спикердің баяндамасын тыңдалады. Ал, көрмеге 20 жоба ұсынылып, форум аясында  меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, форум ертең де жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *