Ұлы Отан соғысының ардагері Мұратәлі Төлепбергенұлы — 98 жаста. Қазіргі таңда 2 ұл, 6 қыздан 40 шақты немере шөбере сүйіп отырған әулетті қария. Отан үшін от кешкен майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасты. Қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған. Мұраталы Төлепбергенұлы
1925 жылы 20 мамырда қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келген.

🔷 Соғыста көрсеткен ерліктері үшін ІІ–ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны женгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған.

🔷 Германияның Биттенберг қаласында жауынгерлік жолы жеңіспен аяқталған майдангер елге 1950 жылы оралды.

🔷 1950 жылдан 1953 жылға дейін Түлкібас МТС тракторлық бригадасының бригадирі, 1958–195 мг9 жылдар аралығында Калинин колхозында бухгалтер, 1959–1965 жылдары Калинин колхозы фермасының меңгерушісі болған.Брест қорғанысы — Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері жау соққысына ерлікпен тойтарыс берген КСРО-ның шекаралық шебіндегі қаїармандық соғыс қимылы. 1941 жылы 22 маусым күні қамалда 7-атқыштар батальоны, атқыштар корпусының штабтық және шаруашылық бөлімшелері, застава, шекаралық отряд, НКВД әскері және медсанбат болған. Қорғандағы адамдар саны 7 — 8 мыңнан аспаған, бірақ жау қамалды атқылай бастағанда, олардың тең жартысына жуығы алдын ала белгіленген жерге кетіп, бекіністерде шамамен 3,5 мыңдай адам ғана қалған. Қамалға қарсы гитлершілер Варшава мен Парижді алуда ерекше көзге түскен 45-жаяу әскер дивизиясын жапты. Оларға ауыр артиллерия батареялары мен 1250 кг-дық фугастық және 2200 кг-дық бетон жарғыш снарядтар ататын “Тор” жүйесіндегі аса қуатты артиллерия қондырғылары қолдау көрсетті. Қамалға жау ұшақтары 1800 кг-дық жарықшақтық, жандырғыш және фугастық бомбалар тастады. Көп ұзамай қамал түгелдей қоршауда қалды. Алғашқы абыржушылықты пайдаланып, жаудың шабуылдаушы батальондары десанттық қайықтар мен көпір арқылы цитадельге өтті де, Тересполь қақпасын және шіркеу үйін басып алды.

1941 жылы 22 маусымда неміс фашистерінің Кеңестер одағына қанқұйлы шабуылы жанкештілікпен жасалды. Бұл ұрандап келіп бір-біріне қарсы шапқан қан майдан емес, жасырынып келіп жағадан алған жаудың бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген зұлматы. Таңғы сағат төрттің кезінде шырт ұйқыда жатқан кеңес жауынгерлерін жаңбырша жауған оқтың астына алу – майдан даласының тарихында алғаш кездескен қатыгез соғыс өрті еді. Бұған айғақ – шекара шебін күзеткен қаһарман қала Брест қамалы және оны қорғауда өліспей беріспеген, жанпидалықпен ерлік көрсеткен кеңес жауынгерлерінің ұмытылмас қаһармандығы.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.