zhulduz

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Халқыма тағзым» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында мүмкіндігі шектеулі талантты жастардың арасында шығармашылық кеш өтті. Кеш аясында келушілер жас қолөнер шеберлерінің көрмесін де тамашалады.

Атап өтсек, Шымкент қаласында экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып, жағдай жасалып отыр. Соңғы жылдары бизнесті жүргізу шығындарын азайту, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, салық және тариф саясатының сапасын арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылды. Қазіргі таңда Шымкентте жалпы ауданы 886 гектар болатын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді.

Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру және өмірдің барлық салаларында қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу.

 

Жалпы осыған дейін аталмыш іс-шаралар кешені аясында жастарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша курстар, қаланың көрікті жерлері мен мәдени мұражайларға экскурсия жасау, үстел теннисі мен шахматтан турнир және жас қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізілген болатын.

Атап өтсек, Шымкент қаласында экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып, жағдай жасалып отыр. Соңғы жылдары бизнесті жүргізу шығындарын азайту, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, салық және тариф саясатының сапасын арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылды. Қазіргі таңда Шымкентте жалпы ауданы 886 гектар болатын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді.

Кеше осы іс-шаралар қорытындыланып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар
марапатталды.

 

Жиында сөз алған Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов еліміздегі азаматтарды мүмкіндігі шектеулі деп бөлмей, барлығына бірдей қолдау көрсетілетінін атап өтті.

 

– Шымкент қаласында жастардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен айналысып, мүмкіндіктерін толық ашуына барынша жағдай жасалып келеді. Өнер-білімге жаны құштар жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына осындай іс-шаралардың тигізер көмегі көп. Сонымен қатар, риясыз көңілмен өнерлерін паш еткен ерекше жастарға ризашылығымды білдіремін, — деді М.Шотанов.

 

Ал, ерекше жас шеберлердің қолынан шыққан көрмеге қойылған бұйымдар көпшілікті тәнті етті. Кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

С.ЖАМАЛДИНОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.