Шымкентте медицина мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде

0

Шымкент қаласында қызылша ауруы бойынша эпидемиялогиялық жағдай күрделі. Эпид жағдайға байланысты қаладағы жедел жәрдем қызметі мен стационарлар,емхана т.б медицина ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қызылшамен сырқаттанушылықтың артуына байланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының төсек қоры  120-дан 210 төсекке дейін көбейтіліп,қосымша Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының базасында 60 төсек орын дайындалды. Жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін қабылдау бөлімінде қосымша бекеттер көбейтіліп, күнделікті тағы да 5 дәрігер кезекшілікпен емделушілерге көмек көрсетуде. Сондай-ақ қалалық денсаулық сақтау  басқармасының бұйрығымен жұқпалы аурулар ауруханасына  көмек көрсету есебінде  емханалардан  жіберілетін дәрігерлер медициналық көмек көрсетеді.  Емханадағы мобильді бригада жұмысы күшейтілген. Тәулік бойы ауруханада амбулаториялық науқастарға консультациялық көмек көрсетіледі.

Бүгінге дейін 24 836 контингент екпе алып, яғни бұл жалпы жоспардың 21,0 пайызын құрап отыр. Иммундауға 6 айдан бастап 11 ай 29 күнге дейінгі және 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлері жатады. Екпе салдыру емханаларда тегін жүргізіледі.

Статистикаға сүйенсек, қалада осы жылдың наурыз айынан бері қызылшамен ауырған науқастардың 84 пайызын балалар құрап, олардың 88 пайыздан астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған. Сондықтан медицина мамандары ата-аналарға  жауапкершілік танытып,баларын вирустан сақтандыру үшін екпе салдыруға шақырады.

Айта кетейік, қалада иммундау процесін жүргізу үшін 187 егу пункті ұйымдастырылып, 49 көшпелі егу бригадасы жасақталған. Қазіргі таңда жоспарлы вакцинация жалғасуда. Он бесінші желтоқсанда екпенің қосымша жеткізілімі күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *