Шымкент: ішкі тұрақтылық бәрінен маңызды

0

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б. Өнербаев өзбек этномәдени бірлестігінің көшбасшыларымен кездесті.

Кездесу барысында этносаралық тұрақтылыққа сызат түсіретін жағымсыз жайттардың алдын алу мәселесі қаралды.

Бас қосуда Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И. Хашимжанов пен Шымкент қалалық өзбек  этномәдени бірлестігінің төрағасы Т. Нишанбаев өңірдегі бірлік пен татулықты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Одан әрі баяндама төңірегінде әңгіме өрбіп,  бірлестік төрағалары алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Кездесу соңында басқарма басшысы  өзбек этномәдени бірлестігінің көшбасшыларына ішкі тұрақтылық пен жастар арасындағы этносаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, жастармен жұмысты жандандыруға қатысты бірқатар нақты міндеттерді жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *