Шымкенттегі №89 ІТ мектеп-лицейінің ұжымымен кездесу өтті

0

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Шымкент қаласының білім басқармасының «№89 ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, олардың қалжағдайларымен және ұстаздардың мектепте атқарып жатқан үлгілі жұмыстарымен танысып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының жыл бойында атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, Қазақстан кәсіподақтары қозғалысындағы оңды істерімен таныстырып, еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға жауап берді. Жалпы мектеп ұжымында жұмыс жасайтын 268 адам, оның ішінде 220 педагогтар мен 48 техникалық, кіші қызметкерлер өз қалауларымен 2023 жылдың наурыз айында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына кәсіподақ мүшесі болып кірген.

Кездесу соңындағы қорытынды жиында осы білім мекемесінде өткізілгелі отырған Шымкент қалалық білім басқармасының тәрбие жөніндегі семинарының қатысушыларын және «№89 ІТ мектеп-лицейінің мұғалімдерін «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласының білім мен тәрбие саласына және кәсіподақтар қозғалысына қосқан үлестері үшін, білім мекемесінің бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелері «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларымен марапатталды.

Атап айтқанда: №89 ІТ мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Лаззат Тахирханқызы Камалхановаға филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісі, мектеп-лицейдің мұғалімдері Айнұр Әшірханқызы Тұрарбековаға, Айнұр Сәулебекқызы Әшеноваға, Гүлханыс Жарылқасынқызы Сәндібековаға филиалдың «Құрмет грамоталары» және Ләззат Түймебайқызы Смадияроваға, Заңғар Сапарханұлы Сағитәліге, Бектұрсын Сәбитұлы Әлишериевке филиалдың «Алғыс хаттары» табысталды.

Мерекелік марапатау іс-шарасының соңында мектеп-лицейдің директоры Қасымбай Өмірбекұлы Атабаев қалалық семинарға қатысушыларды және ұжым мүшелерін атаулы мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

Жиын соңы мектеп-лицейдің оқушыларымен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *