Шымкент: тәуелсіздік күніне орай әлеуметтік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтті

0

ҚР Тәуелсіздік күніне орай, «Қызмет» салалық кәсіподағының құрамындағы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бағынысты мекемелері мен Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі» орталығының қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.

Спорттық сайысқа түскен әлеуметтік сала мамандарының мақсаты — бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Әріптестер ашық алаңда жиі кездесіп, өзара достық-қарым қатынасты нығайтуда.

Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі» орталығының командасы I-орынға ие болды.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының командасы II-орынды иеленсе, әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарынан құралған “Достық” құрама командасы III-орынды иеленді.

Жеңімпаздарға арнайы кубоктар табыс етілді.

Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *