Шымкент: Тәуелсіздік мерекесінде мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

0

«16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Бағлан Бағдатұлы Асанбаевтың және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысуымен, аппарат қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен: Шымкент қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы — бөлім басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асылан Жұмабайұлы Келімбетов, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы Тимур Әсілбекұлы Қышқашев, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен: «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас маманы Аян Өтеген, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы Ижимов Алмас Пернебекұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инфрақұрылымды мониторингілеу бөлімінің басшысы Аслан Қайратұлы Жаңабаев марапатталды.

Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Бағлан Бағдатұлы Асанбаев «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атына шынайы алғысын білдірді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *