Шымкенттік полицей ерлік жасады

0

Шымкенттік полицей пышақ жарақатын алған. Оқиға биыл 6 қыркүйекте болған. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты шақыруға барған учаскелік полицейге мас ер адам суық қарумен ұмтылған. Тәртіп сақшысы өміріне қауіп төніп тұрса да, қырағы дайындығының арқасында қоян-қолтық ұрыс түріне салып, күдіктіні ұстаған. «Еңбек адамының» «ерлігі» жайлы сюжеттен көріңіз.

 Бағлан Асанов – учаскелік полиция қызметкері,. Тәртіп сақшысы кезекшілігі кезінде өз басын қауіпке тігіп, күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарады. «Жедел басқару орталығына» 6 қыркүйек күні сағат кешкі 9:30-да түскен қоңырауға әріптесімен бірге барады.  

 Алкогольді ішімдік ішкен ер адам полицияға жарақат келтіргеннен кейін өзінің қолын кеседі. Ал полиция майоры Бағлан Асанов өз өміріне қауіп төніп тұрса да, күдіктіні аман алу қалуды ойлайды. Ал бұл әрекетін полицейдің өзі ерлік емес міндетім деп түсінеді.  

 Әл-Фараби ауданы бойынша учаскелік полиция инспекторының бұл әрекетін әріптестері жоғары бағалап отыр. Кәсіби түрде жедел шешім қабылдап, қарулы адамды құрықтауы парызы болса да, марапатқа лайық деп санайды.  

Жалпы еліміздің ішкі қауіпсіздігін қорғауда Бағлан Асанов сияқты полицейлердің еңбегі ерен. Сақшылар тыныштық пен тәртіпті қамту жолында күн-түн демей адал жұмыс істейді, ерінбей еңбек етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *