Шымкент: 19 жас маман «дипломмен ауылға» жұмысқа орналасты

0

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? Кім не десе де, бүгінгі таңда мамандарға мұқтаж өңірлер аз емес. Ал, Төлеби ауданында биыл 19 жас маман нақ осы бағдарламаның шарапатын сезініп, ауыл-аймақтың дамуына қызмет етіп жүр.

 Ел ішінде аталған бағдарламаның жемісін көріп отырғандар аз емес. Соның бірі — Уәлихан Серікбаев осыдан үш жыл бұрын Шымкенттегі М. Сапарбаев атындағы Орталық Азия университетін бітірген болатын. Ол мемлекеттік бағдарламаның қыр-сырымен университет қабырғасында жүрген кезде танысып, дипломы қолға тиісімен, ауылдық жердегі мектепке жұмысқа тұруға асыққан.

Уәлиханның мамандығы орыс тілі пәнінің мұғалімі. Жас маманға жергілікті билік бірінші мамыр жалпы орта мектебінен жұмыс берді.

Уәлиханның келіншегі Перизат Құттыбаеваның да айы оңынан туды. Мамандығы дәрігер. Ол осы ауылдағы амбулаториялық орталықтың отбасылық дәрігері болып жұмысқа орналасты. Қазір декреттік демалыста.

 Жас отбасының екеуі де «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысып, бірі жеңілдетілген пайызбен несие алды, екіншісі үстемақыға  ие болды. Сөйтіп, ауылдың қақ ортасынан даңғарадай дәу үй сатып алды.

Жалпы таулы ааймақта 19 жасты дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланған.  Соның 7-уі бюджеттік неисемен қамтылса,  12-сі 100 АЕК көлемінде үстемақы алыпты.

Биылдан бастап, Жас мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында төленетін төлем көлемі 70-тен 1500 АЕК еселенбек. Ұлттық экономика министрлігі өтемақыны арттыру туралы бұйрықтың жобасын әзірлеген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *