Шымкенттік әйел көршісінің алты баласын өрттен аман алып қалды

0

Шымкент тұрғыны өртеніп жатқан үйге кіріп, көршісінің алты баласын аман алып қалды. Бұл туралы Kazinform Otyrar-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт 16 желтоқсанға қараған түні болған. Анасы балаларын ұйықтатып, өзі кетіп қалған. Қараусыз қалған балалар ұйықтамай, отпен ойнаған.

— Құтқарып қалған әйел үйден кәмелетке толмаған алты баланы шығарып, ерлік көрсетті. Өрттің шығуына балалардың отқа абайсыз қарауы себеп болды, — деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы.

Оның өзінің төрт баласы бар, өртті көргенде үйден жалаңаяқ жүгіріп шығып, үш метрлік қоршаудан асып кеткенін айтады. Ал үйдегі газ баллонын байқаған ол күйеуін көмекке шақырған.

— Балалардың жылағанын естіп, жүгіріп шықтым, үйлеріміз бір-біріне өте жақын орналасқан. Үйде кез келген минутта жарылып кетуі мүмкін газ баллоны болды,- дейді Шымкент тұрғыны.

Қалалық ТЖД әйелді ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары марапатқа ұсыну үшін министрлікке құжаттары жіберілгенін хабарлады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *