Шымкент: көрме орталығының 10 жылдығы аталып өтті

0

Биыл Шымкент қаласындағы Көрме  орталығының  құрылғанына 10 жыл толды. Осыған орай орталықта мерекелік іс шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шарада Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Орынтаев құттықтау сөз сөйлеп, орталық ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнан кейін Б.Орынтаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің Көрме орталығының ұжымына жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Шаһар басшысының құттықтауында «Көрме орталығы – ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттайтын, отандық ғылым мен экономиканың жетістіктерін көпшілікке паш ететін қаладағы ірі мәдениет орталықтарның бірі. Мұнда халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін дәріптейтін, төл мәдениет пен өнерімізді, терең тарихымызды насихаттайтын, сондай-ақ, экономикалық және технологиялық даму жолындағы еліміздің елеулі жетістіктерін халықаралық дәрежеде танытатын қаншама ауқымды, мәнді де мағыналы іс-шалалар ұйымдастырылып келеді. Осының барлығы — Сіздердің іскерлік ізденістеріңіздің нәтижесі» делінген.

Айта кетейік, 10 жылдан бері халық игілігіне абыроймен қызмет атқарып келе жатқан орталықта 378 көрме ұйымдастырылса, соның ішінде 50-ден астамы халықаралық деңгейде өткен. Атап айтар болсақ,  «HALAL EXPO», «Poneton», «Worldskills», «AgriTekShymkent» халықаралық көрмелері мен Африка елдерінің, Иран Ислам Республикасының, Өзбекстан Республикасының да көрмесі ұйымдастырылған. Оған қоса елдің ерекше қызығушылығын туғызған «KAZDENTEXPO-ЮГ» халықаралық стоматологиялық көрмесі де орталықта жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Көрмеде тұрғындар денсаулықты жақсартуда пайдалы кеңестер алып, кәсіпкерлер озық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік алады.

Бір ауыз сөзбен айтқанда, Көрме орталығының қызметі арқылы Шымкент қаласының мәдениеті мен өнері насихатталып, инвестициялық тартымдылығын артып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *