Шымкент: қысқа мерзімді кәсіптік оқу бітірушілері тоқыма фабрикасын аралап, жұмыс жағдайымен танысты

0

Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды сәтті аяқтап, мамандық меңгерген азаматтарды жұмысқа орналастыру шаралары басталды. Еңбек делдалдығын жүзеге асырып отырған қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының қызметкерлері бүгін тігінші қыз-келіншектерді «АГФ ГРУПП»  тоқыма фабрикасына ертіп барды. Мақсат — жұмыссыз азаматтарды өндіріс орнындағы еңбек жағдайымен таныстырып, жұмысқа орналасу таңдауын ұсыну.

«АГФ ГРУПП» — Қазақстанда үй тоқымасын өндіретін ең ірі компаниялардың бірі. Фабрика Шымкент қаласындағы «Арнайы экономикалық аймақта» орналасқан. Өндірістік кәсіпорында тұрақты жұмыс, мардымды жалақы, еңбек құқығы мен еңбек қауіпсіздігінің қадағалануы басты назарда. Фабрика толығымен заманауи құрал -жабдықтарымен қамтылған және компания тарапынан қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға үздіксіз қолдау көрсетіледі. Компания өкілдерінің айтуынша қазір оларға қосымша 50 тігінші өте қажет. Аралау барысында қысқа мерзімді кәсіптік оқу бітірушілерінің кәсіби шеберліктері де сыналды. Жұмыс істеуге ниетті азаматтармен келісім-шарт түзі мәселелері талқыланды.

Жалпы, Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік оқытуда 800-ден астам азамат жеңіл өнеркәсіп бойынша білім алды. Оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жұмыс орындарында 200-ден астам адам тігінші мамандығын меңгерген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *