Шымкент-цирк: – жаңа жобалармен жаңа биіктерге

0

Шымкент цирктің өнерпаздары 2011 жылдан бері көрермендерді саф алтындай таза өнерімен тәнті етіп келеді. Кәсіби әртістер әр нөмірге ерекше дайындықпен қойылымдарды ұсыну арқылы халықтың адамгершілік, эстетикалық көзқарасын қалыптастыруды, жас көрермендердің талғамын өсіруге ықпал етуді, заманауи жанрларды ұсыну арқылы мегаполистің мәдени әлеуетін шарықтатуды басты мақсат еткен. Дәл қазір репертуарлық қорында 22 бағдарламасы бар циркке жылына 90-100 мың көрермен келеді.

–Цирк өнерпаздары алдағы Наурыз мерекесіне «Әуе гимнастары» номерін ұсынғалы жатыр. Бұл нөмірде әртістер 18 метрлік биіктікте күмбез астында еркін қалықтап, адам арманын, қиялын алысқа бағыттайтын романтикалық аттракцион торлармен, сәнді костюмдерімен көрерменді таң қалдырады деген ойдамыз. Дәл сондай қызығушылық пен таңданыс тудыратын картина – батутта секірушілердің таңғажайып номерлері де бар. 2024 жылға жоспарланып отырған тағы бір жоба – «Күш атасын танымас» деп аталатын бағдарламаны жүзеге асыруды ниет еттік. Шымкент аренасында Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Монғолия ауыр атлеттерінің басын қосып, алыптар шеруін өткізуді көздеп отырмыз. Спорттық-театрландырылған бұл жоба бірқатар елдің цирк әртістері мен спортшылардың қызығушылығын тудырып отыр. Аталған жобамыз қазақ циркінің майталманы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың құрметіне арналады,–дейді

Шымкент-Цирк мекемесінің басшысы Нұрлан Ыдырысұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *