Шымкент: 2000-нан аса отбасының тұрғын үйді жалдау ақысы субсидияланды

0

Шымкентте 2375 отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия төленді. Оның ішінде 2023 жылы 2035  отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидияланған. Ал 2022 жылы 337 азаматтың аталған әлеуметтік көмекке жолданған өтінімі мақұлданып, жалпы соммасы 203 млн теңгені құрады.

Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған  І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар,  көп балалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады.

Төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеріліп отырады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде ағымдағы жылы 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *