Шымкент: шетелдік мамандармен шеберлік сағаты өткізілді

0

Шетелден келген медицина мамандары жергілікті дәрігерлермен бірлесіп, ана мен бала денсаулығын сақтау ісінде кәсіби біліктіліктерімен бөлісті. Мәскеулік білікті дәрігерлер перинаталдық орталық базасында «Клиникалық акушерліктегі  симуляциялық платформаны қолдану» атты шеберлік сағатын өткізді.

Тәжірибе алмасу шарасына Мәскеу қаласының  Денсаулық сақтау басқармасының  Л.А.Ворохобов атындағы №67 перинаталдық орталығының басшысы, жоғары білікті санатты дәрігер акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының кандидаты, «Emergency obstetric» от American college of obstetric and gynecolog дипломының иегері -Мартиросян Сергей Валериевич және Перевозкина Ольга Владимировна- жоғары білікті санатты дәрігер акушер-гинеколог, Мәскеу қаласының  Денсаулық сақтау басқармасының  Л.А.Ворохобов атындағы №67 перинаталдық орталығының клиникалық-эксперттік бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, ММУ М.В.Ломоносов атындағы фундаментальді медицина факультетінің акушерлік-гинекология кафедрасының ассистенті, Репродуктивті медицина мамандарының пәнаралық қауымдастығының мүшесі сияқты білікті мамандармен нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Оқыту жұмыстарын ұйымдастырған мамандардың сөзінше, мұндай шеберлік сабағы жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге дер кезінде шұғыл акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттырып, ана мен бала өлімін азайтуға зор септігін тигізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *