Шымкент: «Мерейлі мекенге 80 жыл» ғылыми-тәжірибелік іс-шарасы өтті

0

Қаладағы Оқушылар сарайының 80 жылдығына орай «Мерейлі мекенге 80 жыл!» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, ұстаздар мен жастар қатысты.

Шымкент қалалық білім басқармасының Оқушылар сарайына биыл 80 жыл толды. 80 жылдық тарихында мектептен тыс мекеме 200 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беріп, кәсіби бағдар алуына ықпал етті. Бүгінгі таңда қосымша білім берудің барлық дерлік бағытын қамтыған Оқушылар сарайының 124 үйірмесінде бес мыңға жуық бала білім алып, бос уақытын тиімді ұйымдастырып отыр. Мекеменің тәрбиеленушілері республикалық, халықаралық деңгейде өнер, спорт, білім, шығармашылық саласындағы байқаулар мен жарыстарда жеңімпаз атанып, көк Туымызды желбіретіп жүр.

Қала әкімі мекеме ұжымын 80 жылдық мерейтоймен құттықтап, қызметкерлердің еңбектеріне табыс тіледі.

– Сіздер жастардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамытып, шығармашылығын өркендету жолында абыройлы еңбек етіп келесіздер. Жастарды тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз өлшеусіз. Алдағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Біз өз тарапымыздан әрқашанда қолдауға дайынбыз, – деді Ғ.Сыздықбеков.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұратхан Ақбердиев ҚР Оқу-ағарту министрлі Ғани Бейсембаевтың құттықтауын жеткізді.

Іс-шарада мекеменің бишілер, өнерпаздар тобы әннен шашу шашып, сахналық қойылымдар ұсынды. Сондай-ақ, конференция бағдарламасына сәйкес, іс-шара одан әрі пленарлық отырыс, шеберлік сыныптары, секциялық жұмыстарға жалғасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *