Шымкент қаласының өңірлік геоақпараттық жүйесінде мәліметтер қолжетімді

0

Шымкент қаласының өңірлік геоақпараттық жүйесі цифрлық жүйеге өткен. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында 14 мемлекеттік қызмет пен сервис осы автоматтандырылған жүйе арқылы қызмет көрсетеді. Оның ішінде 2 композиттік қызмет, атап айтқанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама мен қызыл сызықтарды анықтауды автоматтандырылған жүйе арқылы қолдануға болады.

Ол үшін порталда әрбір пайдаланушы өзінің «Жеке кабинетінде» өтінішін береді. Порталда яғни мемлекеттік қызмет көрсету процесін дайындау мен келісудің барлық кезеңдеріндегі өз өтінішінің қозғалысын қадағалай алады. Жеке кабинетте ұсынылған қызметтер, өтініштер, жаңа қызметтер бойынша барлық ақпарат жинақталған, сондай-ақ мұрағаттық құжаттарды бірнеше рет көшіріп алу және т.б. мүмкіндіктері бар.

Порталдағы екінші компазиттық қызмет «Ашық карта» (халық үшін) және «Кезекші картасында» (қызмет бабында пайдалану үшін) әзірленген. Ашық карта әлеуметтік инфрақұрылым объектілері, бос жер учаскелері және алдағы сауда-саттық туралы ақпаратты қамтиды. Мұнда тұрғындар бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, қызыл сызықтар (табиғи объектілер мен тарихи ортаны сақтауға арналған қорғау аймағының сызықтары) сияқты маңызды ақпараттық деректерге, сондай-ақ бос жер учаскелері туралы ақпарат беріледі.

Кезекші картада бос жер учаскелері, автомобиль жолдары, мекенжай алаптары, абаттандыру, ғимараттар мен құрылыстар және Шымкент қаласының басқа да картографиялық деректері жарияланған.

Атап өтейік, Шымкент қаласының 117 000 га-ны құрайтын аумағына 1:500 масштабта аэрофототүсірілім дайындалып, оның негізінде қаланың векторлық карта-схемасы жасалды. Картада электр тарату, газбен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау желілері, сондай-ақ коммуникация және байланыс арналары орналастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *