Шымкент театрлары көрермен ықыласына бөленіп келеді

0

Шымкент қаласында театрларда жаңа маусым шымылдығы ашылғалы жаңа премьераларды театр сүйер көрермен ыстық ықыласпен тамашалауда. Нақтырақ тоқталсақ, Шымкент қалалық опера және балет театры хор ұжымының «Күтем сені» композициялық драманың премьерасын қалың көрермен зор құрметпен қабылдады. 8-9-10 желтоқсан күндері Дж.Вердидің «Трубадур» 3 актілі опера премьерасы көрерменге жол тартты. 

Ал Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі, белгілі өнер иесі Жүсіп Ақшора тұңғыш рет трагедиялық Д.Исабековтың «Сүйекші» қойылымын жоғары деңгейде алып шықты. Биыл сатиралықтар Көкшетау қаласында «Сәлем» Халықаралық комедиялық театр фестиваліне М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясымен қатысып, «Үздік музыкалық безендіру» номинациясын иемденді.

Шымкент қалалық орыс драма театры «Ревизор» қойылымын араға 10 жыл салып, қайта көрерменге ұсынса, өзбек драма театры 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры Түркістанда тұңғыш рет өткен «RAIYMBEK FEST» I-Республикалық театр фестиваліне «Медея/Филоктет» спектаклімен қатысты. Еліміздің мемлекеттік 11 театры бақ сынасқан дүбірлі додада Неоптелем ролін сомдаған Абзал Төленов жүлделі «Үздік екінші пландағы ер адам ролі» номинациясымен марапатталды.

Қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдық мерейтойына орай, тұңғыш рет Шымкентте қуыршақ театрларының І халықаралық «Puppetland» фестивалі өтті. Фестивальде Армения, Польша, Гонконг, Израиль, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Перу, Түркия, Ресей, Чехия, Эстония, Тәжікстаннан және еліміздің бірқатар өңірлерінен келген өнер ұжымдары бес күн бойы өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай ақ, Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласындағы халықаралық Чодори Хаел қуыршақ театрлары фестиваліне қатысып, жүлделі номинациямен оралды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *