Шымкент: соңғы үш жылда 17 жекеменшік емхана ашылып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде

0

Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 54 медициналық ұйым қызмет атқарады. Оның ішінде 14-і мемлекеттік, 40-ы жекеменшік медициналық ұйымдар. Денсаулық сақтау саласында тұрғындардың ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсартуда бірнеше емханада әлемдік тәжірибедегі «Үздік тәжірибелік орталықтар» секілді жобалар іске қосылды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2023 жыл 10 айында ана мен бала саулығы жақсарып, өлім-жітім азайған. Атап айтқанда, ана өлім-жітім көрсеткіші — 71 %-ға, нәресте өлім-жітім көрсеткіші — 8,8%-ға, жалпы өлім көрсеткіші — 17%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім — 26%-ға, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім — 5%-ға төмендеген.

Соңғы жылдары шаһарда халыққа медициналық қызмет көрсететін емханалардың саны артып келеді. Мәселен, 2022 жылы 50 мың халыққа қызмет жаңа мекеме ашылса, ал 2023 жылы 8 жаңа медициналық ұйым ашылып, 47 мың халыққа қызмет көрсетуде.

Атап өтейік, Шымкентте қала тұрғындарына стационарлық деңгейде 4 383 төсек орынды 40 медициналық ұйым, оның ішінде 3 623 төсек орынды 15 мемлекеттік аурухана және 760 төсек орынды 25 жеке медициналық ұйым көмек көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *