Шымкент: 5-G технологиясымен 126 базалық станция орнатылды

0

Шымкент қаласында мобильді байланыс пен интернетпен қамту бағытында 3 компания белсенді жұмыс атқаруда. Олар – «Kcell» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС және «МобайлТелекомСервис» ЖШС-і. Аталған компаниялар арқылы қала аумағына 1200-ден астам базалық станция орнатылған.

Қала аумағындағы мобильді байланыс және интернет сапасын жақсарту мақсатында биыл бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 5-G технологиясымен 126, 4-G технологиясымен 102 базалық станция орнатылып, 96 базалық станция модернизациядан өтті. Орнатылған базалық станциялардың қуаттылығының жетіспеушілігіне орай, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 46 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.

Қала тұрғындарына интернеттің қолжетімділігін арттыру бойынша талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары атқарылуда. Биыл қалада 20 елді мекенге осындай желіні тарту жоспары енгізілген. Бүгінде 16 елді мекенге желі тарту жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ пен Бозарық саяжайы, Нұршуақ, Бозарық шағынауданының жаңақұрылысы, Ынтымақ-1,2, Оңтүстік, Самал-1, Кіші Самал, 112 орам, Карл-Маркс, Тассай, Тараз, Шапағат, Асар-2 және Мирас шағынаудандары талшықты оптикалық желімен қамтылған. Қалған 4 елді мекенде желі тарту үшін қажетті құрал-жабдықтарды монтаждау жұмысы атқарылып жатыр.

Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам қала тұрғыны оптикалық желінің игілігін көреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *