Шымкент: эпидемиялық маусымға байланысты емханалар демалыссыз жұмыс істейді

0

Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ), тұмаудың, қызылшаның және басқа да вирустық инфекциялардың эпидемиялық өсу маусымы басталады. Вирустық инфекциялар кез-келген жастағы науқастарда әртүрлі асқынулар тудыруы мүмкін. Көбінесе науқастардың ерекше осал санаттарында, яғни 3 жасқа дейінгі балалар, ауыр созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдар, егде жастағы адамдар (60 жастан асқан), иммунитет тапшылығы бар адамдар зардап шегеді.

Жіті респираторлық вирустық инфекция — вирустар тудыратын, тыныс алу жолдары мен өкпенің жіті қабыну ауруы, тыныс алу жолдарының қабынуының дамуы. Аурудың қоздырғыштары жедел ринит, жедел фарингит, жедел тонзиллит, ларинготрахеит, бронхит, конъюнктивит белгілерімен ұқсас белгілерді (дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, жалпы әлсіздік, бас ауруы және т.б.) тудыруы мүмкін. ЖРВИ-нің ауыр көрінісі нәрестелерде пайда болатын бронхиолит. Өкпеге вирустар түскен жағдайда өкпе ауруларының ауыр түрлерін дамытады яғни, бронхит, вирустық пневмония, созылмалы ауруларды өршітеді. 

Ал тұмау – жедел жұқпалы-вирустық ауру. Тұмаудың негізгі белгілері: жалпы әлсіздік, қатты бас ауруы, көз алмасының қозғалысы кезінде ауырсыну, қалтырау, аурудың аурылығына байланысты дене температурасының 38-40 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, көздің жасаурауы,  мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы, тершеңдік, жөтел. Аурудың ұзақтығы 5 пен 10 күнге дейін созылады.

Тұмау вирустық және бактериялық пневмония, отит, синусит, менингит, энцефалит сияқты асқынуларға алып келеді, әсіресе әлсіреген науқастарда, жүкті әйелдерде және жас балаларда жиі кездеседі.

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Сіздерден, өзін-өзі емдеумен айналыспауды сұраймыз. Аурудың белгілері пайда болған кезде аумақтық емханалардың медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіну қажет.

Уақтылы басталған ем асқынуларды болдырмауға және ауруханаға жатудан сақтайды!

Осыған байланысты, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, ЖРВИ, тұмау, қызылша, пневмония ауруларының маусымдық өсуі кезінде медициналық көмекке қолжетімділікті күшейту мақсатында қазіргі уақытта қаланың емханаларында күн сайын, сонымен қатар демалыс және мереке күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сүзгілер мен емшара кабинеттері жұмыс істейтінін хабарлайды.

Қаланың емханаларының 53 емдеу кабинетінде ересектер мен балаларға амбулаториялық емдеу тегін жүргізіледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *