Шымкент: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» конференциясы өтті

0

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін әр адам өз ауласын таза ұстауға міндетті. Осыған орай, бүгін А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Экологиялық дағдарыс және оны шешу жолдары» атты конференция өтті. Басқосуға қалалық экология департаменті, Шымкент қаласы және Түркістан облысының экобелсенділері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі әрі фантаст жазушы Исақ Сарманбай және қала жастары қатысты. 

Конференция пленарлық отыр және секция залы түрінде өтті. Жиынға қатысқан қонақтармен «Таза әлем» тақырыбы бойынша экологиялық мәселелерді қозғап, оның шешу жолдарын талқылады.

–Қоршаған ортаны, еліміздің табиғаты мен байлығын қорғау адамзаттың міндеті. Бүгінгі конференцияда жастарды қоқыс алаңдарына айналған аумақтарды таза ұстауға шақырамыз, – деді  А.Пушкин кітапханасының шет тілдері әдебиеттер бөлім қызметкері Алина Анарбекқызы.

Айта кетейік, кездесудің соңында жазушы Исақ Сарманбайдың кітабының тұсаукесері өтті және белсенді қатысушыларға кітаптар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *