Шымкент: қалалық диагностикалық орталық жаңа аппаратпен толықты

0

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты диагностикалық орталықта жаңа аппарат іске қосылды. Медициналық мекемедегі  зертханаға жоғары технологиялы заманауи биохимиялық, иммунологиялық зерттеулердің біріктірілген модульді Швейцария елінде өндірілген «cobas pro» Roche Diagnostics зертханалық автоматты анализаторы орнатылды.

Орнатылған жаңа қондырғы зертханалық зерттеулердің ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бір сағат көлемінде 2000 тест жүргізуге және нәтижесін 2 сағат көлемінде шығаруға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, аталған анализатор Оңтүстік өңірдің мемлекеттік медициналық мекемелерінде алғаш рет Диагностикалық орталық зертханасында іске қосылып отыр.

Анализатордың жоғары өндірушілік қабілеті, қателіктерге жол бермейтін бағдарламасы, зерттеулердің жоғары деңгейдегі сапасын қамтамасыз етуі тұрғындарға сапалы зертханалық зерттеулерге қолжетімділігін арттырады.

Осындай жоғары технологиялы анализатордың жұмысымен танысу мақсатында Шымкенттегі медициналық ұйымдардағы зертхана мамандарынан бөлек,  Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысынан келген қызметкерлер    шеберлік-сыныпқа қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *