Шымкент: шаһарда суғару жүйелерін ретке келтіру арқылы жасыл желектер аумағы ұлғаюда

0

Республика бойынша Шымкент қаласы жасыл қала мәртебесімен ерекшеленеді, деп атап өтті брифингте қала әкімі  Ғ.Сыздықбеков.

Біздің басты мақсатымыз – қаламызды «Жасыл қалаға» айналдыру, – деген қала әкімі бұл салада атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті. Қазір қаладағы барлық суғару жүйесі мен жасыл желек аумақтарына зерделеу жүргізіліп, биыл 74 ұңғыма, 65 шақырым жаңа ирригациялық жүйелер салынған. Суғару жүйелерін ретке келтіру арқылы  жасыл желектер аумағы ұлғаюда.

Сондай-ақ, қаламызды көркейту жолында халықтың көкейінде жүрген бірнеше өзекті мәселелердің шешімі табылып жатыр. Атап айтқанда, қала орталығындағы «Спутник» гүлзары мемлекет иелігіне қайтарылып, демеушілер есебінен қайта салынуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *