Шымкент: бұқаралық спортпен шұғылданушылар үлесі 42 пайызға жетті

0

Шымкент қаласында бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 42 пайызға жетті. Қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жоғары жетістіктерді, бұқаралық спортты дамыту жұмыстарының барысын атап өтті.

Шаһардағы спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» пайдалануға берілді. «Металлург» стадионы қайта құрылып, 1 спорт мектебі іске қосылды.

Биыл қала спортшылары Қазақстан, Азия және Әлем чемпионаттарына қатысып, жалпы 728 алтын, 593 күміс, 654 қола медаль жеңіп алды. Қазіргі таңда 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензияларды жеңіп алу үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Ордабасы» футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ендігі кезекте жергілікті команда Еуропаның чемпиондар лигасында бақ сынайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *