2024 жылы шымкентте 1 000-нан аса көше жарықтандырылады

0

Үшінші мегаполистегі  инженерлік инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Қазір қаланың көптеген елді мекендерде ауыз су, электр жүйесі, табиғи газ бен кәріз жүйелерін тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді. 

–Жоспарланған құрылыс аяқталған соң, қала тұрғындары 65 пайызға кәріз жүйесімен, 96 пайыз табиғи газбен, 99 пайыз ауыз сумен, сондай-ақ 100 пайыз электр жүйесімен қамтылатын болады, – деді Ғ. Сыздықбеков.

Сондай-ақ қала әкімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  келесі жылы қосымша 3 000 бейнебақылау камерасы орнатылатындығын айтып өтті. Қала қауіпсіздігінде түнгі жарықтандыру да маңызды. Бұл – тұрғындар тарапынан көп көтерілетін мәселелердің бірі. Қала әкімінің айтуынша келесі жылы жергілікті бюджет есебінен 1 000-нан аса көше жарықтандырылмақ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *