Шымкентте жаңа заманауи перзентхана, университеттік клиника салынады

0

Үшінші мегаполисте денсаулық сақтау саласындағы жан басына қаржыландыру жүйесі оң нәтиже беріп отыр. Соңғы жылдары жекеменшік емханалар ашылып, мемлекеттік ұйымдардың жүктемесі төмендеді.

–Қаламызда жеке инвестор есебінен қатерлі ісік ауруының бастапқы сатысын анықтайтын, сәулелі терапия орталығы ашылды. Биыл осы орталықта 553 адамға қызмет көрсетілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы өлім-жітім азайды. Жыл соңына дейін алғаш рет балалар кардиохирургия бөлімшесін ашуды көздеп отырмыз. Алдағы жылдары 6 жеке медицина орталығын, 200 орындық жаңа заманауи перзентхана, 800 орындық университеттік клиника салу жоспарымызда бар, — деді Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *