Шымкент: жыл соңына дейін 1 миллион 75 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

0

«Халық санының қарқынды өсуіне байланысты баспанаға деген қажеттілік артуда. Қалада 51 мыңнан астам халық әлеуметтік, 175 мыңға жуық азамат кредиттік тұрғын үй кезегінде тұр. Осы мәселені шешу үшін 4 мың пәтерлі 100 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп отыр», деді Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков.

–Жұмысшы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам пәтер береміз. 201 азаматқа қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттары табысталды. Әлеуметтік тұрғын үй алушылар санатына енбейтін азаматтар да назардан тыс қалмайды. Жергілікті «Қамқор» тұрғын үй бағдарламасы аясында 150 отбасыға жеңілдетілген несиелер берілді. Бұл бағдарлама өз жалғасын табады», – деді қала әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *