Шымкент: әлеуетті экспорттаушыларға шет елдердің ұлттық стандарттары түсіндірілді

0

«Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен «Елдің экспортқа сәйкестігін техникалық реттеу, стандарттау және бағалау жүйелері» тақырыбында кезекті семинар өтті.

Іс-шарада кәсіпкерлерге халал сертификатын алудың талаптары мен шарттары, осындай сертификатқа ие болған отандық өндірушілердің өнімдерін БАӘ, Өзбекстан, Вьетнам, Түркия, Әзірбайжан, Сауд Арабиясына экспорттау мәселелері сөз болды. Яғни, экспортталатын өнімнің сапасын қамтамасыз етудің техникалық регламенттері, стандарттары мен рәсімдері бойынша атқарылған жұмыстар талқыға түсті.  

Атап айтқанда, «ҚазСтандарт» РМК халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші мамандары Эльмира Оразбаева мен Зәуре Рыспаева Әзірбайжан, Вьетнам, Қытай, Сауд Арабиясы, БАӘ, Түркия және Өзбекстанға өнімдерді экспорттау үшін техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау жүйелерінің шарттарын түсіндіріп берді. 

Бүгінде әлемде халал тамақ өнімдеріне сұраныс артқан. Елімізде осы стандарттарға сай өнім шығаратын кәсіпорындар ішкі нарықпен шектелмей, өз өнімдерін шетелдерге экспорттап жатыр. Кез келген елге экспорт жасау үшін өнім сол елдің ұлттық стандарттарына сай болуы тиіс.

«ҚазСтандарт» РМК Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Сәкен Бейсеев экспортталатын халал өнімдерді сертификаттау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, жиында әлеуетті экспорттаушыларға халал сертификатын алудың шарттары айтылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *