Шымкент: 10 мың абонент талшықты оптикалық желімен қамтылды

0

Қала тұрғындарына интернеттің қолжетімділігін арттыру жұмысында талшықтық оптикалық желінің де өзіндік салмағы бар. Биыл қалада 20 елді мекенге осындай желіні тарту жоспары енгізілген екен. Бүгінгі күні 16 елді мекенге желі тарту жұмысы аяқталыпты. Осылайша Қайнарбұлақ пен Бозарық саяжайы,  Нұршуақ, Бозарық шағынауданының жаңақұрылысы, Ынтымақ -1,2, Оңтүстік, Самал-1, Кіші Самал, 112-орам, Карл-Маркс, Тассай, Тараз, Шапағат, Асар-2 және Мирас шағынаудандары талшықты оптикалық желімен қамтылған. Қалған 4 елді мекенде желі тарту үшін қажетті құрал-жабдықтарды монтаждау жұмысы атқарылып жатыр. Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам қала тұрғыны оптикалық желінің игілігін көреді. Бүгінге дейін қала орталығын оптикалық желімен қамту ісінде компания 4 белсенді болса, 2021 жылдан бастап қала нарығына 3 компания қосылды. Шалғай елді мекендерді талшықты оптикалық желімен қамтуда инвестициялық жобаларды жүзеге асырып отырған «Ilink.net» компаниясы. Бұл компания бүгінге дейін 7 шағынауданды оптикалық желімен қамтыған.

– Негізінен, оптикалық желіні  елді мекендермен салыстырғанда қала орталығына тарту әлдеқайда тиімді. Өйткені бірнеше көпқабатты үйдегі пәтер саны бір шағынаудан халқына пара-пар. Мұндай жерге компаниялар аз шығынмен көп абонентке ие болады. Біз Шымкент қаласының нарығына кіргелі тек елді мекендерге оптикалық желі тарту жұмысын атқарып жатырмыз. Шымкент қаласында қазір 10 мыңнан астам абонентіміз бар. Одан өзге кәсіпкерлік нысандарды да желімен қамтуға атсалысып жатырмыз. 2024 жылы Жайлау мен Қорғасын-1,2 шағынаудандарына талшықты интернет жеткізуді жоспарлап отырмыз. Әр жаңа шағынауданға желі жүргізген сәтте алғашында тұрғындар оң қабақ таныта қоймайды. Бұл мәселені түрлі акция мен бонустар арқылы шешуге тырысып жатырмыз. Мұндай маркетинг тәсілдердің арқасында біз де оң нәтижеге қол жеткізіп жатырмыз, – деді «Ilink.net» компаниясының директоры Жандос Түкібаев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *