Шымкентте сәулет және қала құрылысы тәртібін бұзған тұлғалар жауапқа тартылды

0

hand of architect working on table with tablet computer and working tool equipment against reflection of office building and crane construction use for civil engineering and construction industry business

Жыл басынан бері Шымкент қаласында 206 заңсыз құрылыс нысаны анықталған.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мәлімдеді.

Жыл басынан бері анықталған 206 заңсыз құрылыс нысандары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 609 хаттама толтырылып, айыптыларға 114,7 млн теңге айыппұл салынған. Соның ішінде бүгінгі күнге дейін 98,1 млн теңгесі өндірілген.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, тағы 25 нысанда құрылыстың сапасына қатысты кемшіліктер анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 32 хаттама толтырылған. Құқықбұзушылыққа жол берген тұлғаларға 14,6 млн теңге айыппұл салынып, бүгінгі күнге дейін 7,3 млн теңгесі өндіріп алынған.

Мұнан бөлек, құрылысқа үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзудың 14 фактісі анықталып, оның барлығына қатысты хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа жолданған. Сот шешімі негізінде әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған тұлғаларға 13,1 млн теңге айыппұл салынып, соның ішінде 7,6 млн теңгесі өндірілген.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексінің талаптарына сәйкес, 34 нысанды мәжбүрлеп бұзу және 3 нысанның құрылысын тоқтата тұру бойынша сотқа талап арыз жолданыпты. Нәтижесінде мәжбүрлеп бұзу бойынша 18 талап арыз сот шешімімен қанағаттандырылған. Қазір 9 талап арыз сотта қаралуда. Айта кетейік, бұзу туралы сот шешімі шыққан 18 нысанның 10-ының қожайындары нысанды өз еріктерімен бұзған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *