Шымкент: Тұран ауданы: 5 мыңнан аса абонент көгілдір отынға қосылды

0

Тұран ауданына қарасты Ақтас және Ақтас-2 елді мекендерінің тұрғындары күні кеше көгілдір отынға қол жеткізді. Құжаттары дайын тұрғын үйлерге рет-ретімен табиғи газ беріліп жатыр. Жалпы 2023 жылдың 10 айының қорытындысымен, Тұран (2-3 кезек), Бозарық, Асар-2, Сәуле, Ақтас-1 және Арғымақ шағын аудандарында табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 5 мыңнан астам абонент табиғи газбен қамтылды.

– Тұран ауданындағы газдандыру көрсеткіші жыл соңына дейін 98 пайызға жетеді. Ендігі жерде Құрсай және Жаңаталап елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойдық. 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталады. Сонда 2025 жылға газбен қамтамасыз етілмеген тек Айкөл елді мекені ғана қалып отыр. 2025 жылы Айкөлге де газ жеткізсек, Тұран ауданында газ мәселесі толық шешіледі, – дейді Тұран ауданының әкімі Боранбай Булатбеков.

Қазіргі таңда Қайнарбұлақ елді мекенінде мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС тарапынан 1-ші және 2-ші кезең құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекеніне (716 абонент) жобалаушы мекеме «Бірлестік» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *