Шымкент: қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

0

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бауыржан Әлтеев жетекшілік еткен жиында бірқатар басқармалардың есебі тыңдалып, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылды.

Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев Шымкент қаласының 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеттің жобасы туралы баяндады. Басқарма басшысы 2024 жылға қала бюджетінің жобасы, оның ішінде негізгі басымдықтардан хабардар етті.

Қоғамдық кеңес мүшелері бұл ретте шалғайдағы елді мекендерде мәдениет ошақтарын салу, балабақшалармен қамту, кәріз жүйелерін дамыту бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Басқарма басшысы келесі жылы 4 елді мекенде мәдениет үйін соғуға қаржы қаралып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, қалалық қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қалалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының игерілуі туралы есеп берді.

Қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ұлықбек Мылтықов жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар профилактикасы мен қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Ұ.Мылтықовтың айтуынша, қалада 9 айдың қорытындысы бойынша қылмыс саны 34,8 пайызға төмендеді. Алайда қалада жол-көлік оқиғалары жиілеген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары көрсеткіші 18,9 пайызға артқан. Бұл орайда жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолағын сызу жұмыстары атқарылуда. Департамент басшысының тапсырмасына сәйкес, мектептерде құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары қарқын алған.

Қоғамдық кеңес мүшелері кейбір жол бойындағы мектептерде кептелістер туындап жатқанын, жол белгілерін орнату бойынша зерделеу жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *